АЗ ТАМАҚТАНУДЫҢ 10 ПАЙДАСЫ
1. Аз тамақ сананы тазартып, есте сақтау қабілетін жақсартады. Тоқтық сананы тұмандап, ойлауды әлсіретеді.
2. Аз тамақ жейтін адамның жүрегі жұмсарады. Жұмсақ әрі мөлдір жүрек – мейірімнің қайнар бұлағы. Ондай жүрек зікірдің (Алланы еске алудың) ләззатын да сезінеді.
3. Аз тамақ жейтін адам бойсұнушы, бағынушы, қарапайым болып, тәкәппарлықтан алыс келеді.
4. Аштықты сезінген адам Алланың сынағы мен жазасын ұмытпайды. Және сынаққа ұшырағандарды (жетімдерді, кедейлерді, үйсіздерді) есіркейді.
5. Артық сөзге, зинаға, кекшілдікке, ашуға деген құштарлығы сөнеді. Жан тыныштығына қол жеткізеді.
6. Ұйқысы азаяды. Алланың бұйырғандарын орындауда озық болады. Аса Ұлы Алла Құранда түнгі намаз туралы: «Ей, жамылып алушы! Түннің аз бөлігінен өзгесін, тұр (намаз оқуға), оның жартысын не одан біраз кеміт, не оған қос. Әрі Құранды анық етіп оқы» («Муззәмил» сүресі, 1-4-аяттар); Және түннің бір бөлігін ұйықтамай, өзіңе қосымша намазға тұр. Раббың сені мақтаулы орынға жібереді» («Исра» сүресі, 79-аят) деген. Аз тамақ жейтін адам осы бұйрықты асқан жеңілдікпен орындайды.
7. Басқа құлшылықтарда сергек болады.
8. Ағзалары сау, ауру-сырқаудан аман болады.
9. Аз тамақ жейтін адам қаражатын үнемдейді және көбірек садақа беруге мүмкіндік туады (адамның бір айда 40-60 пайыз қаржысы тамаққа кететіндігі анықталған).
10. Адам нәпсісін басқара алады. Шынайы бақыт - нәпсіні басқара білуде...
#асыларна #АзТамақтанудыңПайдасы